Күзгі-егіс жұмыстары және арзандатылған дизель отынын іріктеу


Ағымдағы жылы облыс бойынша егінді жалпы жинау алаңы 1 млн. 50 (елу ) мың га құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 9 (тоғыз) процентке көп (87,4 мың га)

 –  дәнді дақылдар – 725,6 мың га (2017 жылы – 675,4 мың га);

– майлы дақылдар – 215,2 мың га (196,9 мың га);

– азықтық дақылдар – 83,1 мың га (63,6 мың га);

– картоп – 17,4 мың га (17,0 мың га);

– көкөністер және бақша дақылдары – 9,3 мың га (9,7 мың га

Ағымдағы 29.10. мерзімге 725,6 мың га дәнді дақылдар жиналды немесе 100% (орташа өнімділігі 12,4 ц/га кезінде жалпы түсімі – 900,5 мың тонна құрады), картоп – 17,4 мың га немесе 100% (орташа өнімділігі 291 ц/га кезінде жалпы түсімі – 518 мың тонна), көкөністер – 6,25 мың га немесе 97%, (200,8 мың  тонна жиналды, орташа өнімділігі 299 ц/га), бақша дақылдары – 2,9 мың га немесе 100% (84,2 мың тонна жиналды, орташа өнімділігі 294 ц/га).

Азық дайындау қатар жүргізіледі.

1 млн. 519 мың га (108%) алаңда шабындық жерлер шабылды, 1311 мың тонна пішен (144%) дайындалды, орташа өнімділік 8,6 ц/га. 65,0 мың тонна (103%) пішендеме салынды.

Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету.

Облыстың күзгі-дала жұмыстарын өткізу үшін бөлінген дизель отыны оператормен толығымен сатып алынды. Бүгінгі күні бөлінген көлемнің
21 253 тоннасына шарттар жасалған (101,2%), 18 664 (89%) тоннасы төленген және 17 905 (85%) тоннасы шығарылған.

Егін жинау жұмыстары мен азықтарды дайындау, арзандатылған дизель отынын іріктеу барысы бақылауда тұр