Павлодар облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 − 2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асыру бойынша ақпараты

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат 

Ауыл шаруашылығы басқармасы шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) микрокредит беру және кепілдендіру бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша әкімшілік етеді.

Бағдарламаға қатысушылар зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары болып табылады.

Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ “АШҚҚҚ” АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.

Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы консультация алу үшін жүгінеді.

Микрокредиттер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы микроқаржы ұйымдарын  және кредиттік серіктестіктерді  қаржыландыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға несиелер / микрокредиттер беру шарттары:

1) несие / микрокредит беру мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар бойынша несие / микрокредит мерзімі және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру – 7 жылға дейін;

2) ең жоғары несие сомасы / микрокредит – 8 мың АЕК-ке дейін;

3) номиналды сыйақы ставкасы – жылдық 6% аспайды.

Бағдарлама шеңберінде 2018 жылға дейін Павлодар облысының ауылдары мен шағын қалаларын шағын несиелендіруге арналған республикалық бюджеттен 1 785,4 млн.теңге бюджеттік несие бөлінді.

Бюджеттік бағдарламаға сәйкес, микрокредит қаражаттары 185 бизнес-жобаны қаржыландырады, оның ішінде 37 бастаушы жобаны енгізу.

Қаражат Бағдарлама операторларының арасында келесі тәртіпте бөлінеді:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 1 011,2 млн. Теңге;

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – 774,2 млн. Теңге.

Ағымдағы күнге операторлармен 1 033,9 млн. сомасына  231 жоба қаржыландырды (игерілгені – 57,9%), 349 жұмыс орны ашылды, оның ішінде:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ПФ – 605,1 млн. теңге сомасына 164 жоба, 250 жұмыс орны ашылды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ПФ – 428,8 млн. теңге сомасына 67 жоба, 99 жұмыс орны ашылған.

Анықтама үшін:

Микрокредиттердің бағыттары – мал шаруашылығы (84%), егін шаруашалығы (4%), ауыл шаруашылығы техникасы (5%), АШ емес бизнес (7%) .

Бұдан басқа, ауылдық жерлердегі шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету құралы ретінде «ҚазАгроГарант» АҚ-ның микрокредиттеріне кепілдік беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Берілген микрокредиттердің кепілдік қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін олардың жартылай кепілдік шаралары қарастырылған.

Стартаптар үшін кепілдіктер мөлшері микрокредит көлемінің 85% дейін, белсенді кәсіпкерлер үшін – 50% дейін құрайды. Берілген кепілдіктердің 30% -ын комиссия әкімдіктерге жалпы трансферттер есебінен төлейді.

Қарыз алушыларға кепілдік тегін беріледі.

«ҚазАгроГарант» АҚ кепілдіктері микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер арқылы берілетін заемдарға берілетін айта кету керек. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  несиелеріне кепілдіктер берілмейді.

Осы шараларды іске асыру үшін операторды басқару 63,5 млн. теңге (жалпы соманың 50%) аударылды.

Қазіргі уақытта 24,6 млн. Теңге сомасына 10 кепілдеме берілді, бұл 59,7 млн. теңге сомасына несие беруді қамтамасыз етті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» жобасында биылғы жылы 1765 адамды оқытуды жоспарлап отыр, бұл ретте 356 қатысушыны (20%) микрокредиттеуге бағытталған. «Атамекен» деректері бойынша 787 адам (44,6%) оқыды