Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы.

2019 жылы облыс бойынша жалпы егін жинау алаңы 1097,8 мың га құрайды, бұл  өткен жылғы деңгейден 8,6 пайызға (87,3 мың га) артық.

Анықтамалық:

– дәнді дақылдар-785,7 мың га (2018 жылы 710,0 мың га);

– майлы дақылдар-210,4 мың га (204,9 мың га);

– жемдік-74,9 мың га (69,3 мың га);

– картоп-17,8 мың га (17,2 мың га);

– көкөніс-6,5 мың га (6,3 мың га);

– бақша дақылдары-2,8 мың га(2,8 мың га).

Дәнді дақылдар 785,8 мың га алқапта (100%) шабылды, жалпы түсім 822,5 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік 10,5 ц/га.

Картоп – 17,9 мың га (100%) көлемінде жиналды, жалпы түсім 552,0 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік гектарынан 309 центнер.

Көкөніс 6,5 мың га (100%) алқапта жиналды, жалпы түсім 209,0 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік 319 ц/га.

Бүгінгі күні күзгі дала жұмыстары толығымен аяқталды.

Майлы дақылдар алқабы  210,3 мың га (100%), жалпы өнімділік 132,3 мың тонна орташа өнімділік 6,3 ц/га

– күнбағыс – 180 мың га(100%), жалпы түсім 114,2 мың тонна, орташа өнімділік 6,3 ц/га..

Өсімдік шаруашылығындағы ең үлкен резерв суармалы егіншілікті дамытуда. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2022 жылға дейін 140,0 мың га тарту көзделіп отыр.

Облыста суармалы жерлердің көлемі 102,2 мың га құрайды, оның ішінде АШТӨ-ге бекітілген 81,1 мың га, босалқы жерлер 18,8 мың га, басқа санаттардағы 2,3 мың га.

Ауыл шаруашылығы басқармасы «Павлодар ӘКК» – мен бірлесіп суармалы егіншілікті дамыту тұжырымдамасын әзірледі.

Суармалы егіншілікті дамыту бойынша әзірленген тұжырымдама шеңберінде арнайы іс-шаралар жүргізілуде.

  1. «БЖК 2020»/«БЖК-2025» – өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу болып табылады.
  2. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы (Жеке инвестициялар) – «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті кредит беру тетігі өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік (шағын, орта және ірі бизнес) субъектілерінің басым жобаларын несиелендіруге бағытталған.
  3. «Асыл Су» бағдарламасы – бағдарлама сорғы станцияларын сатып алуды және орнатуды, ЭБЖ салуды және оларды негізгі қарызды 5 жылға дейін өтеу мерзімін ұзарта отырып, жылдық 5% – бен 15 жыл мерзімге лизингке беруді көздейді.
  4. «ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламасы – сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтерді ұсыну арқылы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу.
  5. АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы («Қазсушар» РМК арқылы) – Павлодар облысында тұрақты суару жүйелерін қайта жаңартуға және қалпына келтіруге арналған инвестициялық бағдарлама, 5 жобаны қайта жаңартуға – 14,7 млрд. теңге сомаға бекітілді: «Май Агро-М» ЖШС; «My Feedlot» ЖШС; «Самұрық және К» ЖШС; «Жангөбек» ЖШС; республикалық бюджет есебінен Ертіс-Успенка каналы.

 

***

 

2019 жылы ауылшаруашылығы дақылдары 1384,0 мың га алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл 2018 жылғы деңгейден 9% көп. Көктемгі егістің алқаптары 1080,8 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 30,2 мың га немесе 3% көп.

Дәнді дақылдар 710,0 мың гектар алқапта, майлы дақылдарды 215,0 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 30,0 мың гектарға, жем-шөп дақылдарды – 430,0 мың гектарға орналасады

2019 жылдың өніміне облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілермен жоспардағы 119 мың тонна кезінде 140,1 мың тонна тұқымдар себілді немесе 118 %, оның ішінде:

дәнді дақылдар – 87,2 мың тонна немесе 128%;

майлы дақылдар – 2,3 мың тонна немесе 88%;

жем-шөп дақылдары – 5,7 мың тонна немесе 84%;

картоп – 45 мың тонна немесе 109%;

2019 жылы 13,9 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға өтінім берілді (2018 жылы 12,7 мың тонна). Бағдарламаны субсидиялауға облыстық бюджеттен 700,0 млн. теңге бөлінді ( 2018 жылы 582,0 млн. теңге).

Облыстың көктемгі-дала жұмыстарын өткізу үшін дизель 18,6 мың тонна дизель отыны (2018 жылы 16 мың тонна) бөлінді.

Көктемгі-дала жұмыстарын өткізу үшін техниканың дайындығы – 100%. Жұмыс жоспарына сәйкес, егіс науқанында әр түрлі нұсқалы 7412  тракторлар, 8096 тырмалар, 1790 соқалар, 1207 қопсытқыштар, 4451 тұқым сепкіштер мен 163 егіс кешендері жұмылдырылады.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қазіргі уақытта көктемгі-дала жұмыстарына кірісті.

Ағымдағы күнге ылғал жабу 807,8 мың га жүргізілді (100%), көктемгі жер жырту – 251,5 мың га (100%), егістік алдындағы өңдеу – 349,1 мың га (62%).

Егістік жұмыстары:

дәнді- дақылдар – 48,8 мың га. (7%);

майлы дақылдар – 88,73 мың га.(41%);

көпжылдық шөптер – 38,8 мың га. (73%);

көкөніс дақылдары – 4,43 мың га. (58%).

Картоп отырғызу жұмыстары – 9,50 мың га. жүргізілді (51%).

Өсімдік шаруашылығын қолдауға жалпы сомасы 2,9 млрд. теңге субсидия бөлінді, соның ішінде:

– «Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» – 700,0 млн. теңге (2018 жылы – 582,0 млн. теңге);

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге гербицидтердің құнын арзандату» – 900,0 млн. теңге (2018 жылы – 866,0 млн. теңге);

– «Тұқым шаруашылығын қолдау» – 1322,0 млн. теңге (2018 жылы – 372,8 млн. теңге).

 


2019 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша ақпарат

Ағымдағы күнге облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізудің алдында ылғалды қорландыру үшін қысқы аграрлық іс-шаралар-қар тоқтату жүргізілді 1-ші із 374,0 мың га алаңда, 2-ші із 87,0 мың га алаңда жүргізілді.

Сүдігерде өлшеудің нәтижесі бойынша қар басқан қабаттың биіктігі – орта есеппен 21 см, ықтырмалы сүрі жерде – 40 см, қар тоқтату жүргізілген орылған егістің орнында – 26 см құрайды, ал жинау жұмыстары кезеңіндегі алаңда тарауыш дестелегіш (МОН-4) қолданумен орылған ықтырма қалдырылды, қар басқан қабаттың биіктігі – орта есеппен 45 см құрайды.

Егістік алаңдарының құрылымы

2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 1384,0 мың га алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл 2018 жылдың деңгейінен 113,7 мың га немесе 8,9% көп. Көктемгі егістің алқаптарын 1080,8 мың га деңгейінде орналастыру болжамдануда, бұл өткен жылдың деңгейінен 30,2 мың га немесе 10,2% көп.

Дәнді дақылдар 710,1 мың га алқапта, оның ішінде бидай – 466,8 мың га алқапта орналастыру жоспарланды. Майлы дақылдарды 214,8 мың га алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл өткен жылдың деңгейінде, көкөніс-бақша дақылдары мен картопты – 29,2 мың гектар (2,6 мың га көп), азықтық дақылдарды – 429,8 мың гектар (95,0 мың га көп) алқапта орналастыру жоспарланды.

2019 жылғы 01 ақпандағы жағдай бойынша ақпарат.

Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қыстың агро іс шараларына-қар тоқтату жұмыстарына кірісті.

Қар тоқтату 1-ші із – 207,0 мың га (52%) алаңда, 2-ші із 47,8 мың га (12%) алаңда жүргізілді.

2018 жылдың қорытындылары бойынша ақапарат

 Өсімдік шаруашылығында егістік алқабы 42,1 мың га кеңейтіліп (2017 жылы – 1260,1мың га) 1302,2 мың га-ны құрады (меморандум бойынша –  1264,2).

Егістік алқаптарын әртараптандыру бойынша Меморандумға сәйкес келесі алқаптар кеңейтілді:

– дәнді дақылдар 70,4 мың га-ға немесе 110,7%;

 – майлы дақылдар – 9,9 мың га-ға;

– көкөністер мен бақша дақылдары – 0,6 мың га.

Дәнді дақылдар мен майлы дақылдардың егістік алқаптарының 47% дейін ылғал және ресурс үнемдеуші технологиясы қолданылды.

2018 жылғы жедел деректер бойынша астықтың жалпы өнімі 36%, майлы дақылдар 8,7%, картоп 19,7%, бақша дақылдары 6,8% артты.

 130,0 мың га (10% егіс алқабының) ауданында 12,7 мың тонна (2017 жылы – 12,0 мың тонна) минералды тыңайтқыштар өндірілді.910,2 мың га аумақта (2017 жылы 722,0 мың га) (егістік алқабының 70%-ы) аумақта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді, оған 678,6 мың литр гербицидтер (670,0 мың л) пайдаланылды.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен 8,1 млрд. теңгеге 591 бірлік техника (160 трактор, комбайндар – 43) сатып алынды.

Өз қаржысы есебінен – ​​4,23 млрд. теңге сомасына 438 бірлік, лизингілік компаниялар (ҚАҚ) арқылы – 3,87 млрд. теңге сомасына 153 техника.

Облыста 58,1 мың гектар суармалы жер пайдаланылады, оның ішінде 4,0 мың гектар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері енгізді, ал 7,3 мың гектар суарылмаған жерлерден суармалы жерлерге ауыстырылды. 494,0 гектар аумақта тамшылатып суару қолданылады.

Көктемгі-дала және егін жинау жұмыстары үшін ауыл шаруашылық өндірушілеріне 36 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Павлодар облысында пилоттық жоба ретінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне арналған астық жинауды квоталау және дизель отынын сатуды электронды түрде тарату басталды. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне төмен бағамен 21 мың тонна отын бөлінді.

2018 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын өткізуге дайындық барысы бойынша ақпарат

Егістік алаңдарының құрылымы. 2018 жылы ауылшаруашылық дақылдарды шамамен 1421,1 мың га алқапта орналастыру жоспарланды, бұл 2017 жылдың деңгейінен 161,1 мың га немесе 12,7% көп. Көктемгі егістің алқаптарын 1123,2 мың га деңгейінде орналастыру болжамдалады, бұл өткен жылдың деңгейінен 125,9 мың га немесе 12,6% көп.

Дәнді дақылдар шамамен 768,2 мың га алқапта, оның ішінде бидай – шамамен 513,9 мың га алқапта орналастырылады. 31,5 мың гектарға (өткен жылмен салыстырғанда 28% жоғары) дәнді жем-шөп дақылдарының (арпа, сұлы, астыққа арналған жүгері) алқаптарын, 11,3 мың гектарға (4 есе) жасымықтың алқаптарын кеңейту күтілуде.

Майлы дақылдарды 210,1 мың га алқапта орналастыру жоспарланды (өткен жылдың деңгейінен 4,8 мың га көп), көкөніс-бақша дақылдары мен картопты – 27,4 мың гектар (0,4 мың га көп), азықтық дақылдарды – 415,3 гектар (64,9 мың га көп)алқапта орналастыру жоспарланды.

 

Қазіргі уақытта облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілер көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге бастады. 24 мамырға ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егісі 423,5 мың га алаңда немесе жоспарланған алаңнан 38% жүргізілді:

– майлы дақылдар – 138 мың га (66% жоспардан);

– жаздық дәнді дақылдар – 220,3 мың га (29% жоспардан);

– картоп – 11,8 мың га (67%);

– көкөніс дақылдар – 3,9 мың га (56%);

– азықтық дақылдар – 49,8 мың га (40%).

 

Тұқыммен қамтамасыз ету. 2018 жылғы өнімге облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен жоспардағы 110,1 мың тонна тұқым кезінде 126,5 мың тонна тұқым себілді немесе 115 %, соның ішінде тұқымдары:

– дәнді дақылдардың – 87,8 мың тонна немесе 122 %;

– майлы дақылдардың – 1,7 мың тонна немесе 73 %;

– азықтық дақылдардың – 1,4 мың тонна немесе 60 %;

– картоптың – 35,6 мың тонна немесе 107 %.

Облыс бойынша жалпы себілген тұқым санынан сорттық құрамы 84,8 мың тонна (97 %) құрайды, олардан аудандастырылғандар – 69,2 мың тонна (82 %).

 

Тұқымдардың репродукциялық құрамы.

бірегей тұқымдар – 4,7 мың тонна (4 %);

элиталық тұқымдар – 9,1 мың тонна (7 %);

1 репродукциялы тұқымдар 26,8 мың тонна (21 %);

2 репродукциялы тұқымдар 39,4 мың тонна (31%);

3 репродукциялы тұқымдар 16,6 мың тонна (13 %);

4-5 репродукциялы тұқымдар 29,6 мың тонна (23 %).

 

Тұқымдардың егістік сапаларын сараптау.

Толық талдауға 106,4 мың тонна тұқым (жоспардан 97 %) түсті, соның ішінде 99,6 мың тонна тексеріліп, кондицияға сай деп танылды.

– 1 класс – 55,2 мың тонна;

– 2 класс32,9 мың тонна;

– 3 класс11,5 мың тонна.

 

Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етушілік. Облыстың көктемгі-дала жұмыстарын өткізу үшін дизель отынының жалпы қажеттілігі 16 мың тонна (2017 жылы 16 мың тонна) құрайды, соның ішінде наурызға  – 4 000 тонна, сәуірге – 6 000 тонна, мамырға – 6 000 тоннадан. Оператор «ПромСервис PV» ЖШС болып табылады. Операторлық қызметтерді (3 200 тнг/тонна) есепке алғанда, 1 тоннаның бағасы 164 600 теңге.

Бүгінгі күні жалпы көлемнің 15 279 тоннасына шарт жасалған,
13 676 тоннасы төленген және 11 479 тоннасы шығарылған.

Анықтама: Нарық бағасынан 15% төмен (138 теңге/литр). Наурыз және сәуір айларына бөлінген көлем толығымен игерілді.

 

Техникамен қамтамасыз етушілік. Көктемгі-дала жұмыстарын өткізу үшін техниканың дайындығы – 100%. Жұмыс жоспарына сәйкес, егіс науқанында әр түрлі нұсқалы 5018  тракторлар, 7979 тырмалар, 1717 соқалар, 1097 қопсытқыштар, 4344 тұқым сепкіштер мен 137 егіс кешендері жұмылдырылады.

Жыл басынан бері 1 113,1 млн. теңге сомасына 141 бірлік техника мен жабдық сатып алынды.

 

АӨК цифрландыру. Қазіргі таңда «АӨК цифрландыру» жүріп жатқандығын айта кету қажет, ағымдағы күнге өсімдік шаруашылығында астық қолхаттарын беру процесі автоматтандырылды. Субсидиялау бойынша тыңайтқыштарға субсидия беру процесі толығымен автоматтандырылды.

«Алқаптарды цифрландыру процессі» 108,2%-ға орындалды. Бұл алқаптардың электрондық карталар жүйесіне мемлекеттік жер кадастрінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығына арналған жерлердің (егіндік жерлер) барлық алаңдарын енгізу.

 

Көктемгі-дала жұмыстарын өткізуді қаржыландыру.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріге – 366,9 млн. теңге сомасында субсидия берілді:

– «Минералдық тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» – 582,0 млн. теңге, көлемі 4,5 мың. тонна минералдық тыңайтқыштарға 205,0 млн. теңгеге субсидия берілді (2017 жылы – 656,2 млн. теңге 12 мың. тоннаға);

– «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер гербицидтердің құнын арзандату» – 866,0 млн. теңге, 10,6 мың литрге 17,3 млн. теңгеге субсидия берілді (2017 жылы – 671,3 мың. литрге 1028,7 млн. теңге);

– «Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» – 360,8 млн. теңге, 144,6 млн. теңгеге субсидия берілді (2017 жылы – 527,2 млн. теңге).