Ертіс өңірінде балалар тағамын өндіретін зауыт пен 10 000 басқа арналған сүтті-тауарлы фермалар салу жоспарлануда

Облыс орталығында «United Green» компаниясының вице-президенті Амин Аджами бастаған бір топ инвесторлармен кездесу өтті. – Кездесу шеңберінде өңір басшысының орынбасары Қайрат Нүкеновтың бастауымен қонақтар Железин ауданының «Пахарь» ШҚ ЖШС, Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы «Үштерек и К» ЖШС, Павлодар ауданының «Жаңа-Қала» ШҚ, «Киров» ЖШС, Тереңкөл ауданының «Астык-ПВ» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорындарына барды. Жобаның мақсаты – сүтті жоғары технологиялық қайта өңдеу, балалар тағамының импортын алмастыру және Қазақстанда сүт кластерін дамытуды ынталандыру. Инвесторлар біздің саламыз бойынша жобаны іске асыруға ниет танытты. Біз өз кезегімізде барлық қолдауды көрсетудеміз, – деді ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков.
Айта кетейік, инвестиция құны 125 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы арқылы «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның сүйемелдеуімен жүзеге аспақ. United Green – United Green ірі инвестициялық компания. Компанияның жылдық айналымы шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрайды, балансы – 850 миллион АҚШ доллары, активтердің таза құны 650 миллион АҚШ доллары. Мұнда 1350 қызметкер жұмыс жасайды. Негізгі бағыттары – энергетика, жылжымайтын мүлік, азық-түлік.

pavlodarnews.kz