Инвесторлармен кездесу

Бүгін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аймақ кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді. Мұндай шара өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кездесуде бизнес өкілдері ашық микрофон алаңына шығып, қызықтырған сауалдарын жолдау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, кездесу барысында мемлекеттік орган өкілдері жұмыстары жайлы презентация дайындады. ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау түрлері, субсидиялар мен мал шаруашылығын дамыту туралы айтып кетті. Мұндай кездеуді әр тоқсан сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр.