Мал шаруашылығының V өңірлік слеті

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Садыбеков Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында өткен мал шаруашылығының V өңірлік слетіне қатысты.

Шарада ғылыми дәлелденген замануи теxнологияларды пайдаланып мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, слет аясында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің, ветеринарлық техниканың, жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, семинар өтіп, онда селекциялық мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері сөз болды.