Құрметті қазақстандық кәсіпкерлер!

Павлодар облысында суармалы жер телімдерін кеңейту бойынша бағдарлама іске қосылды. Ертіс өңірі аумағында дәнді, көкөніс және майлы дақылдарды өсіру, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту үшін егістік алқаптарының үлкен көлемі бар.

Ақсу және Екібастұз қалаларының аумағы бойынша “Ертіс-Қарағанды” каналы ағады. Каналға жақын аумақта суармалы бос жерлер орналасқан.

Егер Сіз біздің өңірде өз жобаларыңызды жүзеге асыруға дайын болсаңыз, Мен сіздердің әрқайсыңызды жеке қабылдауға дайынмын.

Құрметпен, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Қайрат Теміршотұлы Нүкенов

Мекенжайы: Павлодар қ. Академик Сәтбаев көшесі 49, 2 қабат, 202 кабинет. Whatsapp: 8 701 736 68 74

Сондай-ақ, толық ақапаратты келесі телефон арқылы білуге болады: 8 701 505 93 93 Сәдібеков Нұрлан Майданұлы (Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы)