2019 жылғы күзгі – дала жұмыстарын жүргізуге, облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілерге арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторды таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасында 2019 жылғы күзгі – дала жұмыстарын жүргізуге облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілерге арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторды таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр.

Операторды таңдау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

  1. Оператордың базалық баға бойынша коммерциялық ұсынысы;
  2. Дизель отынын МӨЗ-ден тасымалдау және оны соңғы пайдаланушыға жеткізу бойынша шығын калькуляциясы;
  3. Банктен алынған мерзімі өтіп кеткен несиелік қарыздың жоқтығы туралы анықтама;
  4. Осы салада қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі;
  5. Оператордың есебінде қажетті ақша қаражатының немесе несие ресурстарына рұқсат болуы туралы банктің растамасы;
  6. Операторда мұнай өнімдерін сатуға рұқсатының болуы және ол аккредиттелген субъектілер (мұнай өнімдерін жеткізушілер) тізіліміне енгізілуі тиіс;
  7. Мұнай өнімдерін сақтау және жіберу үшін терминалдардың немесе сақтау шарттарының болуы;
  8. Дизель отыны операторларды таңдау жөніндегі комиссия хаттамасында келісілген және белгіленген баға бойынша жіберіледі.