«Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі «2019 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» № 85/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына пресс-релиз

Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2019 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына сәйкес әзірленген.

Жоба 2019 жылғы 23 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2019 жылғы 06 тамызға дейін өзекті.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2390158#

Аталған қаулыны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау 047 бағдарламасы бойынша 700000,0 мың тенге  қаражат бөлінді.