Қой шаруашылығын дамыту

2019 жылғы 29 қазан күні облыс ауыл шаруашылығы басқармасында  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Агротехнологиялық факультетінің деканының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ПФ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ПФ өкілдерінің, қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қатысуымен қой шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Бұл кеңесте «Сыбаға» және «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламалары аясында ұсақ қара малды сатып алуға жеңілдікті несиелеуге қатысты түсініктемелер беріліп, сондай-ақ «Қой және қозы етін жыл бойы өндіру технологиясын әзірлеу және енгізу» атты тақырыпта мәселелер талқыланды.