«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары бойынша»

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2019 жылғы 23 қыркүйекете мақұлданғандығын хабарлайды.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 12-жолы басқа жаңа қызметке ауыстырылды). Сәйкесінше аталған өзгерістердің қолданысқа енгізілуінен кейін азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілуін болдырмау қажет.

Осыған байланысты, барлық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік емес ұйымдар мен халық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, шетел ұйымдары мен шетел компаниялары арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.

Осылайша, барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.