Ауыл шаруашылығы мұражайы

Қалпына келтіру жұмыстарынан және жаңартылғаннан кейін ол жаңадан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында ашылды.

Тарихқа шолу

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы мұражайын қоғамдық негізде 2000 жылы құра бастады. Келесі жылы ол ашылды. Оның құрылуына басқа энтузиастармен бірге «Звезды Прииртышья» газетінің бұрынғы редакторы, жазушы, журналист, өлкетанушы С.П. Шевченко белсенді қатысты. Ал біздің газет оқырмандарға мұражай экспозициясына енгізілуі мүмкін, оларда сақталған материалдар және экспонаттармен бөлісу туралы бірнеше рет өтініш жасады.

Сөйтіп, мұнда әр түрлі құжаттар, фотосуреттер, заттар, кітаптар пайда болды, олар Павлодар Ертіс өңірінің аумағындағы ежелгі адам әркеттерінің тарихы туралы куә болатын заттар. Бір кездері мұражай жұмыс істеп тұрды, бірақ кейін әр түрлі себептермен қараусыз қалды.

Мұражайдың жаңа өмірі, шын мәнінде қайта қалыптасуы Юрий Иванович Дубовицкийдің келуімен басталды, ол оның жандануы, толықтырылуы үшін құлшыныспен кірісіп кетті.

Биылғы жылы мұражайға ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратында басқа да кең бөлме берілді. Экспозиция тақырыбын кеңейту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, олар енді 29 стендке, 27 витринаға және 15 стеллажға орналастырылған. Мұражайды ауыл шаруашылығы ардагерлері, «Ауыл Ардагері» қоғамдық ұйымының ардагерлер қозғалысының белсенділері, ауыл шаруашылығы басқармасының, салалық қызметтер мен сала ведомстволарының басшылары, мамандары, облыстық мұрағат және басқа да мұражайлардың қызметкерлері құрды, көптеген адамдар көмек көрсетті.

Үш мың экспонат

Олардың көбісі осы қоймада жиналған. Әрине, олардың барлығы туралы айту мүмкін емес. Бүкіл өмірін ауылмен байланыстырған Юрий Иванович Дубовицкий екі ірі шаруашылық – Павлодар аудандық ауылшаруашылық бірлестігі мен «Ефремовский» совхозының директоры, Баянауыл аудандық атқару комитетінің төрағасы, ауылдық округ әкімі болды, қорлар бойынша жүгіртпе экскурсия өткізіп отырады.

Міне, 1885 жылғы Павлодар уезінің жер пайдалану картасы, онда белгіленген егістік жерлері мен жайылымдық жерлері бар. Ал оның астында бұрышында және одан әрі, қабырға бойымен сол кездегі шаруалардың еңбек құралдары – соқа, нан мен шөптерді шапқан шалғының жүздері, шынжыр – онымен егін жинағаннан кейін масақты бастырған. Екі тастан жасалған диірмен… үй тұрмысының заттары…

Бәріне белгілі Д.П. Багаевтың түсірген суреті – қой отары аясындағы асатаяқ ұстаған шопан. Бірақ бұл екі жүз қойдың Кавказдан Ертіс жағасына өз күштерімен келгені кімге белгілі дейсің, ол жерден алғашқы қоныс аударушылар қазақ даласына келген. Кавказдан келген дәл осы биязы қойлар біздің облыста шығарылған және КСРО Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде көрсетілген, дәл осылар солтүстік қазақ мериносының белгілі тұқымына бастау берді.

Багаев суреттері экспозицияның маңызды бөлігін құрайды. Онда қыр адамдары, қоныс аударушылар өмірі, ұжымдастыру, отызыншы жылдардағы ашаршылық көріністері бейнеленген.

Одан әрі – Ұлы Отан соғысы. Бұндағы экспонаттар мен құжаттар «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!»-, деген ұранмен өмір сүрген халықтың, ауыл тіршілігін куәландырады. Соғыстың бастапқы кезеңінде Павлодар облысы ауылдарды, мыңдаған эвакуацияланғандарды және жер аударғандарды қабылдады, олармен біздің жерлестеріміз қолдарында бар нәрселерімен, тіпті соңғы нандарымен  бөліскен.

Сол кездегі тағы бір факті: соғыс жылдарында облыста күздік қара бидай егісі 15 есеге өсті. Ол кез келген жылы шыға беретін және ең жақсы өнім беретін.

Мұражайдың көптеген экспонаттарында тыңның да көрінісі бар –тарихымыздың тек ауыл шаруашылығы ғана емес, Қазақстан индустриясының дамуының жарқын беті. Бұл, құжаттар, фотосуреттер және басқа да материалдар. Оның ішінде сол кездегі КСРО басшысы Н.С. Хрущевтің облысқа келуі, оның Киров атындағы колхозға және Хмельницкий атындағы совхозға келуі. Осы сапардың нәтижесінде облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінен айырылды.

1958 жылғы өте жақсы шыққан  егін және облысты Ленин орденімен марапаттау. Өкінішке орай, егіннің айтарлықтай бөлігі оны сақтау үшін қуаттардың жетіспеуінен бүлінген, өйткені нан күз және қыс бойы ашық аспан астында жатты.

Жердің желден бүлінуі – тың жерлерді шабуыл жән қыспақ көрсету арқылы игеру салдарынан. 3,5 миллион гектар жер жыртылды, оның ішінде 1960 жылдардың басында 1,5 миллион айналымнан шығарылды. Эрозияны тоқтатты және оны жасаған адамдардың ішінде павлодарлық егінші, ғалым Георгий Григорьевич Берестовский болды.

Қалай дегенмен, тың жерлерді игеру өлкемізді түрлендірір жіберді, ал 1970-80 жылдары ауыл шаруашылығының қарқынды даму кезеңі болды, ьұған мұражайдағы экспонаттар куә. Олардың ерекше құндылығы – өмір бойы салада еңбек еткендерді мәңгі есте сақтау. Мұнда соғыс және еңбек батырларының (олардың барлығы ауылдан шыққан) – ауылдықтардың фотосуреттері, шаруашылық басшылары, танымал егіншілер мен малшылар туралы мәліметтер, ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкерлерінің тізімі, ауылдың құрылысшылардың өмірбаяндары.

Павлодарлықтардың өндіріске енгізген және айтарлықтай әсер еткен ғылыми әзірлемелері ерекше құнды болып табылады. Бұл еңбектер де мұражайда жиналған.

Экспозициялардың басым бөлігі бүгінгі күні серпінді дамып келе жатқан салаға арналған. Стендтерде – қазіргі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табыс куәліктері, егіншілер жұмыс істейтін техниканың әлемдік үздік үлгілерінің суреттері; жаңа өнімділігі жоғары жаңбырлатқыш техникасы бар суармалы алқаптар: біздің облыс мелиорацияны қарқынды арттыруда. Мал шаруашылығы саласын дамыту, өнімді қайта өңдеу, озық технологияларды пайдалану – осының барлығы мұражайда бар.

Бұл байлық сұранысқа ие болуы тиіс

Мұражайды жаңа негізде қайта құруды өмірінің басты ісіне айналдырған Ю.И. Дубовицкий, өзін тарихи-ағартушылық ісінен, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруден басқа, ауылды кешенді дамыту міндеттерін шешуге қызмет етуі тиіс деп есептейді.

Юрий Иванович мұражайды ауыл шаруашылық мамандықтарын алатын жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушыларын дайындауда қажетті әдістемелік орталық ретінде көреді. Мұнда ауыл мамандары мен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша сабақтар, ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізуге болады. Облыстық орталыққа барып жүретін қала оқушылары мен ауылдық мектептердің оқушылары, оның тұрақты келушілері бола алады. Кім біледі, мүмкін, олардың көпшілігі өздері үшін ауылға байланысты мамандықты таңдайтын шығар.

Қатысқандарға алғыс айтамыз  

Айтпақшы, мұражайды қайта жаңғырту оңай емес еді. Басты мәселе оның қазіргі, лайықты және әбден заманауи келбетін қалыптастыру үшін қаражат іздеуде болды. Кейде оның бас ұйымдастырушысы Ю.И. Дубовицкийдің де үміті үзілген күндері де болды.

– Бірақ мен осы залға кіргенде, – деп еске алады Юрий Иванович, – маған суреттерден менің жерлестерім, тамаша еңбеккерлер, көрнекті ізашарлар қарап тұрғандай көрінетін. Қарап және былай дейді: «Не болды саған, берілесің бе?”. Содан менде екінші тыныс пайда болғандай – Мен қайта жұмысқа кірісетінмін.

Бірақ, әрине, ол жалғыз өзі ештеңе істей алмас еді.

Демеушілер баға жетпес көмек көрсетті, олар өз қаражаттарына мұражайды қалпына келтіріп, безендірді. Әсіресе, «Галицкое» ЖШС басшысы А.А.Касицын, «Абай» ЖШС басшысы Н.И. Миллер, «Победа» ЖШС басшысы А.В. Поляков, «Рубиком» ЖШС басшысы В.А. Руф, «Ұлан» ФҚ ЖШС басшысы А.Р.Төлеубаев, «Иртышское» ОХ басшысы К.А.Дүйсенбинов, «Сүт» АҚ басшысы С.В. Таран, «Жаңа қала» ШҚ басшысы К.К.Тұрлыбаев, «Три и К» ШҚ басшысы О.И. Әйтімов, «Оразбаев» ШҚ басшысы С.Ж. Оразбаев, «Комаров» ШҚ басшысы Е.И.Комаров, «Луч» ШҚ басшысы А.А. Запара, «Екібастұз болашағы үшін» ҚБ басшысы Р.Х. Гайнулин, «Центр PROFI» полиграфиясының басшысы А.В. Пархоменко сияқты тұлғаларға ерекше алғыс білдіреміз.

Мұражайды құруға ауыл шаруашылығының ардагерлері М.К. Асылханов, Ю.И. Дубовицкий, Е.Б. Қасенов, М.М.Нұғыманов және М.М. Сейсембеков үлкен үлес қосты.

Барлықтарына рахмет. Қазір бізде саланың заманауи мұражайы бар. Оған православие шіркеуінің дін қызметкері және мұсылман мешітінің имамы өз баталарын берді. Мұражайдың ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтініне сенгім келеді.