«Еңбек» бағдарламасы

Ағымдағы жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Павлодар филиалына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 751 255 600 теңге бөлінді, беру жүріп жатыр, қарыз алушылар бойынша пул толығымен жасалды.

Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Павлодар филиалы жалпы сомасы 1 536, 455 млн.теңгеге 455 өтінім қабылдады,  оның ішінде 73,45 млн. теңгеге 25 өтінім қарастырылуда, 1 463,0 млн. теңгеге 430 өтінім мақұлданды, 1 321, 305 млн. теңгеге 393 жоба берілді.

Келіп түскен өтінімдердің ішінен қарыз алушылар «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша білім алғандар болып табылады. Алынған қаражатқа мал шаруашылығын дамытып, бизнес үшін қажетті техника мен құрал-жабдықтарды сатып алады.